Әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресей Федерациясының аумағына 50 жыл мерзімге кіруге шектеу қойылды. Бұл шешім 30 қаңтар күні қабылданған.
РИА Новости агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, тыйым Ресейдің ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне байланысты енгізілген.
Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы Нұрлан Сабыровқа аталған күні Ресей аумағына кіруге ресми түрде рұқсат берілмейтіні туралы шешім күшіне енген.
Құқық қорғау органдары өкілінің айтуынша, бұл шара ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қолданыстағы заң талаптарын сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау мақсатында қабылданған.
