Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Түркияда есірткі ісі: танымал актриса Ханде Эрчелге қатысты тергеу басталды

instagram.com/handemiyy/

Ыстамбұл Бас прокуратурасы танымал түрік актрисасы Ханде Эрчел-ге қатысты ұстау ордерін шығарды. Бұл туралы түркиялық Sabah басылымы хабарлады.

Ордер Түркияда бірнеше айдан бері жүргізіліп жатқан есірткіге қарсы ауқымды тергеу аясында берілген. Іс бойынша барлығы 16 адамға қатысты ұстау туралы шешім қабылданған.

Күдіктілер арасында белгілі тұлғалар да бар:

  • Фикрет Орман
  • Бурак Эльмас
  • модель Дидем Сойдан және басқалар

Оларға есірткі өндіру, тарату, сақтау және тұтыну, сондай-ақ жезөкшелікке ықпал ету сияқты айыптар тағылып отыр.

Актрисаның мәлімдемесі

Ханде Эрчел бұл жағдай туралы алғаш рет БАҚ арқылы білгенін айтты. Оның сөзінше, ол бір айдан бері шетелде жүргенімен, тергеуге қатысу үшін Түркияға оралуға дайын.

«Мен өз елімді жақсы көремін, мемлекетім мен әділ сот жүйесіне сенемін. Жақын арада бәрі анықталады деп ойлаймын», –  деді актриса.

Айта кету керек, бұл – қамауға алу емес, тергеу барысында күдіктіні ұстауға рұқсат беретін арнайы шешім (detention order).

Тергеу туралы

Түркияда 2025 жылдың қазан айынан бастап ірі антинаркотикалық операция жүргізіліп келеді. Соның аясында Ыстамбұлдағы элита жиналатын Bebek ауданындағы қонақүйге де тыйым салынған.

Түркия заңнамасына сәйкес:

  • есірткіні сақтау және қолдану –  2 жылдан 5 жылға дейін
  • тарату –  20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады

Актриса туралы

Эрчел шетелде, соның ішінде Қазақстанда да танымал. «Есігімді қағып» (түрікше: «Sen Çal Kapımı») сериалының сәтті шығуының арқасында актриса қазақстандық көрермендер арасында кең аудиторияға ие болды.

 

Сәйкес жаңалықтар

Көкпаршылар өз таңдауларын жасады

bairakkz

«Ішкі істер министрлігінен»: Төреғали Төреәлінің күйеубаласы марапат алды

bairakkz

Еліміздегі ең ұзын көпір сынақтан өтті

bairakkz