Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

«Жылап алдым»: Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалығын айтты

Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы сүйінші жаңалығын бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, жуырда екінші қызы тұрмысқа шыққалы жатыр.

Әншінің сөзінше, 22 жастағы қызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасаған. Қазіргі таңда болашақ құда-құдағилар жағы танысу рәсімін жоспарлап отырған көрінеді.

«Жігіт үйленуге ұсыныс жасады. Болашақ құда-құдағиларымыз алдымыздан өтеміз деп жоспарлап жатыр екен. Құдай қаласа, күтеміз. Жастардың теңін тауып, бақытты болғанын тілейміз ғой», – деді әнші.

Алтынай Жорабаева үлкен қызы мен екінші қызының арасы небәрі екі жас екенін айтты. Сондай-ақ, кіші қызы бұл маңызды шешімді қабылдар алдында әпкесінің рұқсатын алғанын жеткізді.

«Үлкен қызым мен екінші қызымның арасы екі жас. Әпкесінің рұқсатын алыпты», – дейді ол.

Әнші бұған дейін қыздарына алдымен білім алып, жұмыс істеп, өз аяқтарына тұрып алған дұрыс екенін айтып келгенін жасырмады. Алайда өмірдің өз жолы барын да атап өтті.

«Негізі бұрын 27 жасқа дейін оқып, жұмыс істеп, аяққа тұрып алу керек деп айтатынмын. Бірақ енді бұйрық қой», – деді Алтынай Жорабаева.

Өнер иесінің айтуынша, бұл жаңалықты алғаш естіген сәтте ерекше толқыған. Үлкен қызы да сіңлісіне ақ жол тілеп, өзінің де бақыты алда екеніне сенім білдірген.

«Екі қызымның арасы екі жас. Кішісі әпкесінің рұқсатын алыпты. Үлкен қызым оған бақыт тілеп, өзінің де жолы ашылатынына сенім білдірген. Мұны естігенде жылап алдым. Негізі қыздарыма асықпауға, аяққа тұрып алуға кеңес бергенмін. Бірақ бұйрық осылай болыпты. Алла сол күнге жеткізсін», – деді әнші.

Қазір Алтынай Жорабаева қызының тойына дайындалып, құдағи атанатын күнді тағатсыздана күтіп жүр.

Сәйкес жаңалықтар

Дәулет Шабанбай Олимпиада чемпионы

bairakkz

Әкімдіктерді мазалайтын екі-ақ мәселе бар, біріншісі — ақша игеру — Мақсат Толықбай

bairakkz

Кербұлақ ауданында тұрғындардың 40%-дан астамы дауыс берді

bairakkz