Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарОқиғалар

Нұрай Серікбай ісі: күдікті неге психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Фото: otyrar.kz

Шымкент қалалық Полиция департаменті Нұрай Серікбайдың өліміне күдіктінің психиатриялық мекемеге жатқызылу себебін түсіндірді.

Ведомство мәліметінше, күдіктіге қатысты кісі өлтіру, некеге мәжбүрлеу және сталкинг фактілері бойынша тергеу жалғасып жатыр. Іс құқық қорғау органдарының бақылауында.

Полицияның хабарлауынша, күдіктіге екі рет сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп, оның психикалық ауытқулары бар екені анықталған. Осыған байланысты ол мәжбүрлі түрде арнайы медициналық мекемеге емделуге жіберілген. Емдеу аяқталғаннан кейін күдікті тергеу әрекеттерін жалғастыру үшін қайтадан тергеу изоляторына жеткізіледі.

Сонымен қатар, тергеушілер жәбірленуші тараппен тұрақты байланыста екені атап өтілді. Оларға қабылданған процессуалдық шешімдер түсіндіріліп, тергеу барысы туралы ақпарат заң талаптарына сәйкес жеткізіліп отыр.

Полиция азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырып, жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Айта кетейік, марқұмның туыстары күдіктінің психикалық жағдайына байланысты жазадан жалтарып кетуі мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде.

Сәйкес жаңалықтар

Елімізде «декретке миллионмен» шыққан 113 ана сотталуы мүмкін

bairakkz

Жаңа оқу жылында оқушыларға қанша күн демалыс беріледі

bairakkz

ТЕКЕЛІДЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

bairakkz