Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарШоу-бизнес

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова туралы жазба жариялады

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнімен құттықтап, әлеуметтік желіде ерекше жазба жариялады.

Продюсер өз жазбасында келінді отбасының маңызды мүшесі ретінде атап өтіп, жылы лебізін білдірді.

Ене үшін өміріндегі ең маңызды жан – келіні. Өйткені ол – әулетті жалғастыратын, ұрпақ сабақтастығын сақтайтын тұлға. Бүгін менің тұңғыш келінім, жүрегімізден орын алған Жұлдыздың туған күні құтты болсын! Алла ғұмырын ұзақ, өмірін мәнді етсін, – деп жазды ол.

Жазба желі қолданушылары арасында да кең таралып, көпшілік өнер иелеріне құттықтау пікірлерін қалдырды.

Айта кетейік, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бүгін 38 жасқа толды.

Сәйкес жаңалықтар

Тамызда қазақстандықтар неше күн демалады

bairakkz

Жұмысынан айырылуына байланысты 256 мыңнан астам адам МӘСҚ-дан төлем алды

bairakkz

Қазақстан Аустриядан ойсырай жеңілді

bairakkz