Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Әуе билеттері неге арзандамады? Депутат министрлікті сынға алды

Мәжіліс

Мәжілісте Салық кодексіне енгізілетін өзгерістерді талқылау барысында Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек авиаотынға қатысты салықтық жеңілдіктің әуе билеттері бағасына әсер етпегенін айтып, үкімет өкілдерінен жауап талап етті.

Депутаттың айтуынша, бұрын авиаотын сатып алуға салынатын ҚҚС-ты алып тастау әуе билеттерінің арзандауына әкеледі деген уәде болған. Алайда оның сөзінше, керісінше жағдай қалыптасқан.

«Билет арзандаған жоқ, керісінше қымбаттады. Ал әуе компаниялары бұрын төлеп келген қаражатты өздерінде қалдырды. Бұл билет құнының 60–70 пайызы болуы мүмкін», – деді Бақытжан Базарбек.

Осыған байланысты ол Салық кодексіне қайта оралып, жеңілдіктердің тиімділігіне талдау жүргізу және қажет болса түзетулер енгізу қажет екенін айтты.

Өз кезегінде ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин авиаотынға қатысты ҚҚС нормасының алынуының негізгі мақсаты әуе билеттерін арзандату болғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша жауапты мемлекеттік органдар тиісті негіздер ұсынған.

Вице-министр жаңа Салық кодексі аясында салықтық жеңілдіктердің тиімділігіне тұрақты мониторинг жүргізілетінін және жыл сайын есеп берілетінін айтты.

Сонымен қатар ол айтылған сын орынды екенін мойындап, авиаотынға қатысты жеңілдіктің нәтижесі бойынша талдау жүргізілетінін және қажет болған жағдайда бюджетке қосымша кіріс көздерін қайтару мәселесі қарастырылатынын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

1 шілдеден бастап не өзгереді: жаңа Конституциядан бастап ипотекаға дейінгі басты өзгерістер

bairakkz

Жеңіс Қасымбек: Келесі аптадан Астанадағы ЛРТ-ның бірнеше станциясы арасында пойыздар жүре бастайды

bairakkz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденімен марапатталды

bairakkz