Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды

Фото: скрин видео

Қазақстанның Бас прокуратурасы блогер Қайсар Қамзаның Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланғанын растады.

Экстрадиция Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылған.

Тергеу мәліметінше, Қайсар Қамза 2026 жылдың маусым айында Интерполдың сұрауы негізінде Вьетнам аумағында ұсталған.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол 2025 жылдың қаңтарында әлеуметтік желілердегі көпшілік аудиториясын пайдаланып, сыйақы үшін заңсыз онлайн-казиноны жарнамалаған және Қазақстан азаматтарын құмар ойындарына тартқан. Осы қызметі үшін оның криптовалюталық әмиянына шамамен 200 мың АҚШ доллары аударылған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары Қазақстан аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, бұл топ 2021–2025 жылдар аралығында бірнеше заңсыз онлайн-казиноның жұмысын ұйымдастырып, төлем терминалдары арқылы 106 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз айналымға түсірген.

Іс аясында қылмыстық топтың 9 мүшесі қамауға алынған. Қайсар Қамза да тергеу изоляторына қамалды.

Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, оған тағылған бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Қаржылық мониторинг агенттігі блогерді 2026 жылдың қаңтарында халықаралық іздеуге жариялаған болатын. Кейін ол әлеуметтік желіде өзін жақсы екенін көрсетіп, бұл ақпаратқа қысқаша жауап берген еді.

Сәйкес жаңалықтар

Кербұлақ ауданында тұрғындардың 40%-дан астамы дауыс берді

bairakkz

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

bairakkz

Ермек Көшербаев басқаратын облыстың орталығында 400 мың адамға қауіп төніп тұр

bairakkz