Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Мадина Нұршаева бокстан Азия чемпионы атанды

   Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Мадина Нұршаева 64 келі салмақта Азия  чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандасымыз финалда қытайлық Ду Данмен жұдырықтасып, оны айқын басымдылықпен ұтты. Бірінші раундта қарсыласы ширақ қимылдағынымен, соңғы сәттерде Мадина Нұршаева оны бұрыштан-бұрышқа тықпалап, соққының астына алды. Аса тартысты өткен сайыста төрешілер қазақ боксшысын бірауыздан жеңімпаз деп таныды. Енді санаулы минуттардан кейін шаршы алаңға 69 келі салмақтағы боксшымыз  Валентина Хальзова шығады. Ол финалда Қытайдың тағы бір боксшысы Гу Хонгпен жұдырықтасады. Естеріңізге сала кетейік, кеше 51 келіде Назым Қызайбай, 75 келіде Дариға Шәкімова, 81 келіде Мөлдір Базарбаева  және ауыр салмақта (+81) Ләззәт Күнгейбаева Қазақстан қоржынына қола медальдар сыйлаған болатын.
Күнсұлтан Отарбай

inform.kz

Сәйкес жаңалықтар

Көпбалалы отбасы үшем ұлдарымен бірге келіп дауыс берді

bairakkz

Аралас жекпе-жек шеберлері әлем чемпионатының финалына шықты(фото)

Ришат

Атырауда допингке қарсы семинар өтті.

Ришат

Пікір жазу