Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

 «Бағанашыл» балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды

«Бағанашыл» балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды
www.akorda.kz

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды bairak.kz.

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.

Сондай-ақ Руслан Желдібай Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі Алматыдан Қонаев қаласына көшірілмейтінін хабарлаған.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.

Айта кету керек, «Бағанашылдағы» балалар үйіне қатысты жағдай наурыз айында басталған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Маңғыстау туризм колледжі: Студент саны өсіп, халықаралық серіктестік күшейді

bairakkz

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ қаражатын жымқыру ісі сотқа жолданды

bairakkz

«Үшінші қақпа»: ҚАРА ҚҰРЛЫҚТЫҢ КҮШТІСІ

bairakkz