Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарШоу-бизнес

Мақпал Жүнісова жансақтау бөліміне түскенін айтты

Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақтың белгілі әншісі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова 8 наурыз мерекесіне орай Алматы қаласында концерт өткізді. Өнер иесі сахнада сөйлеген сөзінде жуырда жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.

Әншінің айтуынша, ол инфаркт алып, ауыр жағдайға тап болған.

«Жансақтау бөліміне түсіп қалдым. Инфаркт деген бәле бар екен ғой. Сонымен біз де жақындап қалдық қой деймін. “Осындай әртістеріңіз болсын” деген шығар. Аллаға шүкір, рахмет айтамыз. Туысқандардың бәрі жылап… “Жыламаңдар” дедім. Кімнен жанымыз артық? Талай асылдар кетіп жатыр. Кетсем кетермін, не болыпты?», – деді Мақпал Жүнісова көрермендерден гүл қабылдап тұрып.

Әнші жансақтау бөлімінен шыққанына шамамен бір ай болғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова өзінің Instagram парақшасында белгісіз адамдардан қорқыту сипатындағы хаттар алғанын да айтқан еді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазаэронавигация мен Air Astana және SCAT компанияларымен келісімге келді

bairakkz

Дауыс беріп қана қоймай спорттық іс- шараларға да қатысуда

bairakkz

Волейболшыларды қабылдады

bairakkz