Ақтөбе облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалған медициналық анықтамалар сатқан медбикені ұстады.
Жедел ақпаратқа сәйкес, күдікті танысымен алдын ала сөз байласып, пайда табу мақсатында №075 және №086 үлгідегі медициналық анықтамалар мен санитарлық кітапшаларды заңсыз рәсімдеп, сатып келген.
Полиция мәліметінше, мұндай құжаттар үшін олар 5 000–10 000 теңге аралығында ақша алып отырған. Қазіргі таңда жалған анықтама сатып алған 40 азамат анықталған.
Тінту барысында күдіктінің кабинетінен:
-
«Дерматолог»
-
«Лаборатория»
-
«Жарамады / Годен»
-
«Реакция микропреципитации экспресс әдісімен»
-
«Анықтамалар үшін»
деген жазулары бар жалған мөрлер табылып, тәркіленген.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
